Ақмола облысында пәтер өртеніп, ерлі-зайыпты егіз баласымен бірге қаза тапты
Ақмола облысында пәтер өртеніп, ерлі-зайыпты егіз баласымен бірге қаза тапты
Фото: ТЖД-нен алынды
180
оқылды
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 03.54-те Ақмола облысы Красный Яр ауылында екі қабатты үйден өрт шықты. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер үш минутта жеткен. Құтқарушылар келгенше 1964 жылы туған әйел мен оның 2015 жылы туған немересі терезе арқылы пәтерден шығып үлгерген.
«Өрт орнынан 1991 жылы туған ер және 1993 жылы туған әйел адамның, сондай-ақ екі баланың денесі табылды», – дейді құтқарушылар.
Өрт ауданы 50 шаршы метр болатын пәтерден шыққан. Электр сымдарындағы ақау өртке себеп болуы мүмкін. Өртті 13 қызметкер мен үш техникамен сөндірді. Оқиғадан бір күн бұрын үйдегі электр сымдары ауыстырылған. Әжесі мен немересі шеткі бөлмеде, ерлі-зайыптылар егіз баласымен электр сымы ауыстырылған бөлмеде болған.