Сенаттың жалпы отырысында «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы талқыланды. Құжатқа түзетулер енгізіліп, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.
Сенаторлар «Референдум туралы» заңнан Елбасы туралы норманы алып тастады.
Сенат депутаттары бұл норманы заң жобасынан алып тастауды ұсынды. Түзету қолданыстағы заңның 3-бабының 2-тармағына қатысты болып отыр.