Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9,07 теңгеге арзандады. 1 доллар 427,80 теңге болды.
Ұлттық банктің 5 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 436, 85 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,13 теңге, сатып алу – 436, 65 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431,24 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 435 теңге.
Кеше доллар бағамы 4,80 теңгеге арзандап, 436,85 теңгені құраған болатын.