Өскеменде мұғалімдер 5 теңге көлемінде жалақы алған
Өскеменде мұғалімдер 5 теңге көлемінде жалақы алған
© kazaknews.kz
356
оқылды
Өскеменде мектептердің бірінің мұғалімдері 5 теңге жалақы алды. Бұл ретте олардың басқа әріптестеріне орташа айлықтан көп төлем төленген. Жағдайға қатысты қалалық білім бөлімі пікір білдірді, – деп жазады inbusiness.kz Өскемендегі №18 мектепте шу шықты. Таяуда ғана бухгалтерия көптеген педагогке ай сайынғы жалақы ретінде 5 теңге аударған. Анықталғандай, жыл ішінде бірқатар мұғалімге белгіленген сомадан негізсіз көп ақша төленген. Енді олар соның айырмашылығын қайтаруы керек.
"5 теңге аударғанына таңғалып, басшылыққа жүгіндім", – дейді бастауыш сынып мұғалімі Ольга Шмидт.
Ал мектеп директоры бухгалтердің бухгалтерлік есепті білмейтінін, өзі де жағдайдың құрбаны болғанын айтты.
"Мен өзім қарыз болып қалдым, яғни ақпан айындағы жалақымның 350 теңгесін қайтарып бердім", – дейді Светлана Варакина.
Өскемен қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, бұл мектеп бойынша артық төлем сомасы 20 миллион теңгені құраған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хат жолданған. Ал бухгалтер жұмыстан шығарылған. https://www.youtube.com/watch?v=rqibm4bwE3o