Мамыр айында Алматыда аптап ыстық болады
Мамыр айында Алматыда аптап ыстық болады
422
оқылды
Алматыда мамыр айында орташа айлық температура нормадан жоғары болады. Бұл ретте жауын-шашын мол жауатыны күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бұл айда Алматыда орташа ауа температурасы +17,5 градус болады.
«Алғашқы онкүндіктің басында температура түнде +10+15-тен +5+10 градусқа дейін, күндіз +27+32-ден +20+25 градусқа дейін ауытқиды деп күтіледі. Онкүндіктің соңында түнде +5+10, күндіз +15+20 градусқа дейін төмендеуі ықтимал», - деді «Қазидромет» РМК директоры Марина Шмидт.
Ауа райын ұзақ мерзімді болжау басқармасының бастығы Жұлдыз Исабекованың айтуынша, екінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендейді: түнде 0,+5 дейін, топырақ бетінде 3 градусқа дейін, күндіз +10+15 градусқа дейін. «Ал онкүндіктің ортасында температура түнде +8+13, күндіз +20+25 градусқа көтеріледі деп күтілуде. Кейін түнде +3+8, күндіз +15+20 градусқа дейін төмендейді. Онкүндіктің соңында термометр бағаны біртіндеп жоғарылайды. Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +15+20, күндіз +29+34 градусқа дейін көтерілетіні болжануда. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары түседі. Жаңбыр, найзағай және 15-20 м/с екпіндегі жел жиі болады деп күтіледі. Екінші онкүндіктің ортасы мен соңында тұман түсуі ықтимал», - деді Жұлдыз Исабекова.