Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,65 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 434, 47 теңге.
Ұлттық банктің 6 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 80 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 437, 63 теңге, сатып алу – 443,18 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 437, 30 теңгеден болса, сатып алу құны – 441,70 теңге.