Журналист Мақпал Жүнісоваға қатысты мәлімдеме жасап, оған қолдау білдірді
Журналист Мақпал Жүнісоваға қатысты мәлімдеме жасап, оған қолдау білдірді
© 365info.kz
501
оқылды
Белгілі әнші Мақпал Жүнісованың қызы Мерей жайлы жариялаған бейнеүндеуінен кейін желіде оны сөз етпеген адам жоқ.  Журналист Гүлмира Нәлібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында дәл қазір екеуінің бірге екенін айтты.
“Ән еркесі Мақпал Жүнісоваға қатысты видеоны таратуды доғарыңыздаршы. Мақпал апайымызды түсініп, жан дүниесіне үңіліп, мүмкіндігінше қолдауға тырысайық. Мерей қасында, ешқайда кетпеді. Ол анасымен бірге. Тоқтатыңыздар!”, – деп жазды Гүлмира Нәлібай.
Бұған дейін Мақпал Жүнісова қызы Мерей өзін тастап кеткенін айтқанын жазған болатынбыз.