«Орталық Азиядағы білім беруді трансформациялау» дөңгелек үстелі өтті
«Орталық Азиядағы білім беруді трансформациялау» дөңгелек үстелі өтті
252
оқылды
2022 жылғы 6 мамырда Абай университетінде Дүниежүзілік банк Орталық Азия елдерімен әріптестігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Дүниежүзілік банктің Алматыдағы өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Орталық Азиядағы білім беруді трансформациялау» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға еліміздің және әлемнің басқа елдерінен білім саласындағы халықаралық және аймақтық сарапшылар, сонымен қатар Абай университетінің 𝗛𝗼𝗻𝗼𝗿𝘀 𝗖𝗼𝗹𝗹𝗲𝗴𝗲 жобасының 100 студенті қатысты.  width= Іс-шараның модераторы Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы адами капиталды дамыту бағдарламаларының жетекшісі Сусанна Айрапетян болды. Жиынды университет ректоры Дархан Біләлов ашты. Орталық Азиядағы білім беруді трансформациялаудың маңыздылығын және ҚР жетекші педагогикалық жоғары оқу орнының пандемиядан кейінгі кезеңде білім беру жүйесін қалпына келтіру және білім беру инновацияларын енгізу тәжірибесін, сондай-ақ әлемнің барлық жоғары оқу орындары тап болып отырған саладағы сын-қатерлерді атай отырып, ол бүгінгі таңда ынтымақтастық, қажетті ақпаратпен алмасу, ұлттық және шетелдік ұйымдар тарапынан бір-біріне қолдау көрсету және ынтымақтастық қажет екенін атап өтті.  width= ДБ білім беру саласындағы жаһандық тәжірибе бөлімінің басшысы Гарри Патринос «Орталық Азиядағы білім беру саласындағы өзгерістер: жаһандық перспективалар» баяндамасында осы тақырыптағы зерттеу, пандемияның аймақ пен әлем елдерінің экономикасы мен біліміне әсері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Дөңгелек үстел барысында пандемиядан кейінгі білім беру жүйесін қалпына келтірудің халықаралық тәжірибесі және осы үдеріске көмектесетін білім берудегі инновациялар, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда кездесетін салалық проблемалар және өткір мәселелерді шешу жолдары талқыланды.  width=   Орталық Азия елдерінің сарапшылары, өңірдің білім беру органдары мен мекемелерінің басшылары пандемиядан кейінгі әлеуметтік-экономикалық қалпына келтіру кезеңінде ашылатын білім беру жүйесін трансформациялау мүмкіндіктері туралы баяндамалар жасап, тәжірибе алмасты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және оның барлық қатысушылары үшін пайдалы болды.