«AMANAT» автономды саяси күшке айналады
«AMANAT» автономды саяси күшке айналады
267
оқылды
– Мемлекет басшысы билікті орталықсыздандыру, суперпрезиденттікті жою және билікті барлық билік институттары арасында тең бөлу қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Бұл реформалар елдің басты құжатында көрініс табуы керек. Конституцияға енгізілетін түзетулердің негізгі тармағы Президент өкілеттігін шектеуге бағытталған. Мәселен, Президент өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде қандай да бір партияға мүшелікке тыйым салады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы үшін де осындай тыйым қарастырылған. Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салғанын да ұмытпаған жөн. Осыны ескере отырып, сондай-ақ жоғарыда аталған түзетулерді ескере отырып, «AMANAT» партиясы елдің басты автономды саяси күшке айналады. Егер бұрын партия атқарушы билікке, орталық аппаратқа – Президентке, ал филиалдар – әкімдерге есеп беретін болса, енді тек қана азаматтардың мүдделерін ескеретін арна бола отырып, партияның мәртебесі атқарушы билікте, әсіресе өңірлерде көтерілетін болады. Мысалы, мәслихат депутаттары көпшілік дауыспен егер де әкімдер қандай да бір себептермен өз функцияларын тиісті түрде орындамаса, оларды лауазымынан алып тастай алады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзінің партиядан мерзімінен бұрын шығуымен «AMANAT»-қа жылдың соңын күтпей-ақ, жаңа жағдайда жұмысты бастау туралы сигнал берді. Сондықтан «AMANAT» партиясының Конституцияға түзетулер енгізу үшін үгіт-насихат штабын белсенді түрде құрғаны қисынды. Қазір олар дауыс беруде халықтың қолдауына ие болу үшін барлық күш-жігерін шоғырландырып, бар тәжірибесін және орталықтың филиалдармен өзара іс-қимылының жүйелілігін пайдалануы қажет. Сол себепті партия өзінің ең қуатты және жетекші саяси күш екенін нақ осы референдум арқылы көрсететін болады.