Алматыда жаңа көшелер пайда болады
Алматыда жаңа көшелер пайда болады
256
оқылды
Қалалық мәслихат депутаттары жаңа көшелердің атауын бекітті. Алатау, Бостандық және Медеу аудандарындағы көшелерге көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлерінің есімі берілді. Олардың арасында қазақ Олимпиада ойындарының алғашқы чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, композитор Қаршыға Ахмедиярұлы, академик және композитор Ғазиза Ахметқызы, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Үмбетқызы, ақын және публицист Мәшһүр Жүсіп, этнолог және шығыстанушы Лев Гумилев және басқа да көрнекті қайраткерлер бар. Сондай-ақ көшелердің бірінің атауы Түркияның бұрынғы премьер-министрі, саясаткер Аднан Мендереске берілді. Ол ХХ ғасырдың ортасында Түркияға қоныс аударған отандастарымызға көмек көрсетті. Көшелер «Нұркент», «Ерменсай», «Нұр Алатау», «Нұрлытау» және «Алатау» шағын аудандарында орналасқан.