Жасөспірімдер қандай мамандықтарды жиі таңдайды?
Жасөспірімдер қандай мамандықтарды жиі таңдайды?
887
оқылды

Халықаралық PISA зерттеуі бойынша, медицина мен педагогика саласын таңдаушылар саны көш бастап тұр.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында PISA зерттеуіне сүйеніп, қазақстандық жасөспірімдер арасында қандай мамандықтарға қызығушылық артқаны жайлы жазды. Зерттеудің барлық үш циклінде мамандық таңдаудың алдыңғы қатарында дәрігер мамандығы тұр. Мысалы, жалпы тәжірибелік дәрігер 2022, 2015, және 2018 жылғы зерттеулер барысында ең жиі таңдалған. Сондай-ақ, зерттеу нәтижесі жеткіншектердің педагог мамандығына да қызығушылықтары айтарлықтай артқанын көрсеткен.
«Менің ойымша, бұл – біздің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысымыздың нәтижесі. Зерттеудің үш циклі ішінде осы мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылардвң үлесі екі есеге немесе 5%-ға өсті. Атап айтқанда, осы мамандықты таңдау бойынша PISA 2015 зерттеуінде 7-орын болса, ал PISA-2022-де 2-орынға дейін көтерілді. 2022 жылы оқушылардың 9%-ы «Жалпы білім беретін мектептегі мұғалім» мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдады», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.
PISA-2022 зерттеуінің нәтижесінде таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ мамандықтары кіреді деп күтіліп отыр. Жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына бірнеше жаңа мамандықтар енген. Олар: «Стоматологтар», «Тауар мен киім дизайнерлері», «Ғимараттар мен құрылыс сәулетшілері», «Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар», «Психологтар», «Косметологтар және олармен байланысты мамандар», «Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар», «Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер».