Мақпал Жүнісова көпшіліктен кешірім сұрады
Мақпал Жүнісова көпшіліктен кешірім сұрады
365
оқылды
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің әкесі Заманбек Нұрқаділов емес екенін айтқанын жазған болатынбыз. «Мен сіздерді Заманбек Нұрқаділов үшін өтірік алдадым. Кешіріңіздер! Мерей менің қызым емес! Ол менің туған бауырымның қызы. Мен шындықты айтқаным үшін қызым менен кетіп қалды. Өзі білсін! Біз зорлықпен алған жоқпыз қызды. Екі баламыз түсіп қалғаннан кейін олар өздері берген. Асырап бер деп. Асырадық, Зәкең өзінің тегін берді. Енді ол қыздың алдында мен басымды имеймін. Кетсе кете берсін! Өзінің әке-шешесі бар, туған бес бауыры бар! Өлмейді, барсын! Жібердім, мен шындығымды айттым», – деген еді Мақпал Жүнісова. Әлеуметтік желіде тараған осы шулы оқиғадан кейін әнші көрінбей кетті. Бұған дейін желіге түрлі суреттерін салып, оқырманмен байланыста отыратын өнер жұлдызын көпшілік жоғалтып алғандай күй кешкен еді. Біршама үнсіздіктен соң әнші Instagram-дағы парақшасына видео салды. Халық әртісі парақшасына “Адамдар кешіріңдер” деген әнін жүктеген. Ұзақ үзілістен кейін әлеуметтік желіге шыққан әншіні жұртшылық қуана қабылдады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Әннің астына оқырмандар Мақпалды қолдап, жүрекжарды пікірлері мен лебіздерін жазған. Бірі “Жаным апатайым”, “Жан-дүниеңізді түсінбей жатсақ, кешіріңізші”, “Алтын апатайым” десе, енді бірі түрлі смайликтермен өнер жұлдызын қолдайтынын білдірген.