Астанада жолаушылар автобусы электр бағанына соғылды
Астанада жолаушылар автобусы электр бағанына соғылды
Фото: tumblr.com
213
оқылды
Астанада №28 бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы көше шамы орнатылған бағанға соғылды. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, автобустың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамаған.
«7 мамырда Керей-Жәнібек хандар мен Ақмешіт көшесінің қиылысында автобустың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамастан қиылысты кесіп өтіп, көше шамының бағанына соғылған», – деді полицей.
Зардап шеккендер жоқ. Автобус жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды.