Өткен тәулікте 4 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте 4 адам коронавирус жұқтырған
© РИА Новости / Антон Вергун
141
оқылды
Қазақстанда өткен тәулікте 4 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, індетке шалдыққандардың 1-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 2-еуі Алматы қаласында, 1-еуі Жамбыл облысында тұрады. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1 305 603-ке жетті.
«Өткен тәулікте 5 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Оның 1-еуі елордалық азамат, 4-еуі Алматы қаласының тұрғыны. Елімізде жұқпалы дерттен айыққандардың қатары 1 291 450 болды», - деп жазды ведомство.