Қазақстанның қай өңірінде мамырда құрғақшылық болатыны белгілі болды
Қазақстанның қай өңірінде мамырда құрғақшылық болатыны белгілі болды
Фото: Shutterstock
383
оқылды
Соңғы деректерді ескере отырып, 2022 жылдың мамыр айындағы құрғақшылықтың болжамы түзетілді. Қазақстан аумағының басым бөлігінде, мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Мына жерлерде орташа құрғақшылық күтілуде: Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында; Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев атындағы ауданда; Қызылорда облысы Арал ауданында; Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында. Қатты құрғақшылық мына аудандарда болжануда: Қызылорда облысы Қармақшы ауданында; Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында. Қалған жерлерде, атап өтсек: негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында; Ақтөбе облысы – Ырғыз және Ойыл аудандарында; Алматы облысы – Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында; Шығыс Қазақстан облысы – Шемонаиха және Үржар аудандарында.