Бруно Марстың портретін шашқа бейнелеген қазақ қызы әйгілі әншінің назарына ілікті
Бруно Марстың портретін шашқа бейнелеген қазақ қызы әйгілі әншінің назарына ілікті
349
оқылды
Америкалық танымал жұлдыздың портретін шашқа бейнелеп салған алматылық Меруерт Дәулетованың бүгінде қуанышында шек жоқ. Өйткені, шаштараз қыздың қолынан шыққан ерекше шаш үлгісін әйгілі Бруно Марс өзінің 25 миллионнан астам оқырманы бар Instagram-дағы парақшасында бөліскен. «Менің әнім шетелдерде де хит болған», - деп жазды америкалық өнерпаз. Бұл жаңалық «Экспресс К» сайтында жарияланды. «Мен негізі бұл суретті бір жыл бұрын салғанмын. Басында Бруно Марстың фан-парақшаларына тарады, кейін репост жасады. Соның арқасында Бруно Марс байқады деп ойлаймын. Жалпы, маған негізі Бруно Марстың өзі ұнайды. Әндерін жиі тыңдап түрамын. Ол шынымен де талантты адам. Би билейді, өзінің әндеріне сөз жазады, ән жазады. Аспаптарда ойнай біледі. Маған талантты адамдар ұнайды», - дейді шаш үлгісінің авторы Меруерт Дәулетова.  width= Әлеуметтік желіде америкалық музыканттың назарына іліккен алматылық шаштараз келешекте Бруно Марстың өзімен бетпе-бет жүздесуді жоспарлап отыр. «Мен әлі Бруно Марспен жеке танысқан жоқпын. Бірақ бұл болашақта орындалады деп ойлаймын. Әлі оның тарапынан кездесу жайлы ұсыныс түскен жоқ. Негізі бұл кездесуге сенгім келеді», - шаштараз. Айта кетейік, Меруерт Дәулетова осы уақытқа дейін Әлихан Бөкейханов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Димаш Құдайбергенов, Ержан Максим сынды танымалдардың портретін шашқа бейнелеген.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Bruno Mars (@brunomars)