Несиесі бар 1,5 миллион адамға жеңілдік жасалмақ
Несиесі бар 1,5 миллион адамға жеңілдік жасалмақ
©vlast.kz
Өткен жылы тұтынушылық несие 40 пайызға өскен. Одан бөлек, несие алып, оны өтей алмағандардың саны да өскен. Бұл жайында Парламент Мәжілісінде Мәдина Әбілқасымова хабарлады.  Оның айтуынша, проблемалық несиесі бар бір жарым миллион қазақстандыққа жеңілдік жасалуы мүмкін. «Біз барлық банктерге, микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға проблемалық қарызы барлардың санын азайту мақсатында жеке жоспарлар әзірлеуді талап еттік. Сондықтан олар берешек соманы қайта қарау және реттеу жөнінде арнайы шаралар қабылдауы тиіс. Соның арқасында кей азаматтардың несиесі кешірілуі мүмкін. Не болмаса қарыздың басым бөлігін төлегендерге несиесі кешірілуі мүмкін», – деді Мәдина Әбілқасымова. Сондай-ақ, агенттік төрағасы шектен тыс артық пайыздарымен танымал онлайн-микрокредит беру ұйымдары үшін 56%-дық бірыңғай мөлшерлемені белгілейтінін хабарлады.