Шымкентте ұрлық жасаған күдікті тергеу изоляторынан қашып кетті
Шымкентте ұрлық жасаған күдікті тергеу изоляторынан қашып кетті
592
оқылды
Мұнай-газ құбырынан газ бен мұнай ұрлады деген айыпталушы Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен. Күдікті бүгін тергеу изоляторынан қашып кеткен. Қазіргі уақытта айыпталушыны іздеу және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
"Аталған дерек бойынша Шымкент қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы "Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеу және басқа да мәліметтер жария етілмейді", – деп хабарлады Шымкент қалалық ҚАЖД баспасөз қызметі.