Алматы облысында келінін қорғаған қария ұлын өлтіріп алды
Алматы облысында келінін қорғаған қария ұлын өлтіріп алды
431
оқылды
Алматы облысында 69 жастағы зейнеткер 42 жастағы ұлын өлтіріп алды.
Полицияның мәліметінше, оқиға Қаратал ауданында болған, 7 мамырда Дойыншы ауылындағы жеке үйлердің бірінен 42 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Оны пышақтап өлтірген.
Жәбірленушінің 69 жастағы әкесі қылмысты жасады деген күдікке ілінді, оны тәртіп сақшылары кіші ұлының үйінен тапты. Ол кісі өлтіргенін мойындап отыр.
Қария ұлының үйіне отбасы мәселелерін талқылауға келген, бұл кезде ұлы әйелімен жанжалдасып жатқан.
"Ол жанжал шыққан кезде келінін қорғағанын айтты. Осыдан кейін мас баласы жұдырық ала жөнелген, ал ол асхана пышағымен жауап қайтарған", - дейді Қаратал ауданы полициясының бастығы Рауан Әбдірайымов