Елена үшінші айналымға өтті
Елена үшінші айналымға өтті
172
оқылды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1 000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 102-орында тұрған америкалық Лорен Дэвиспен кортқа шықты. Бірінші партияда отандасымыз 6:4 есебімен қарсыласынан басым түсті. Екінші сетте де Еленаның (6:3) мерейі үстем болды. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матч барысында Е.Рыба­кина 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қарсыласы 2 брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді. Айта кетейік, алғашқы айналымда отандасымыз іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингіде 146-орында тұрған 19 жастағы ресейлік теннисші Элина Аванесянды жеңген еді. Бірінші партияда Елена 6:4, екінші сетте 7:6 есебімен қарсыласынан басым түсті. Енді Рыбакина жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 6-ра­кет­касы, чехиялық Каролина Плиш­кова немесе рейтингте 29-сатыдағы швейцариялық Хиль Белен Тайхман­ның біреуімен шеберлік байқасады.

А.ЖАСАНҰЛЫ