Референдум: Көрші елдердің тәжірибесінен...
Референдум: Көрші елдердің тәжірибесінен...
270
оқылды
Референдум – маңызды мәселені халықтың тал­қы­­сына салып, көпшіліктің пікірімен шешім қа­был­дауға үндейтін шара. Дегенмен әр елде жалпы­ха­лықтық плебисцит өткізуге сан түрлі мәселе себеп бо­лып жата­ды. Посткеңестік елдердің тәжірибесінен ре­ферендум­дардың әдетте Конституцияға өзгер­ту­лер мен то­лықтырулар енгізер сәтте жарияланатынын аңғару қиын емес. Мәселен, өткен жылы 11 сәуірде Қыр­ғыз Республикасында жергілікті сайлаумен бірге жаңа конституцияның жобасын қабылдау жөніндегі референдум өтті. Қыр­ғыз елінің басты құжатына енгі­зілген өз­герістер Президенттің өкілеттілігін кү­шей­туге бағытталған. Дауыс беруге аза­маттық таңдауын жасауға құқылы қырғыз­стан­дық­тардың 35 пайызы қатысқан. Плебисцитке қатысушылардың 79,31 па­йызы Консти­туцияға енгізілген өзгерістерді қолдаған. Жалпы, елдегі референдум ту­ралы заңна­маға сай мұндай өзгертулер сайлаушы­лардың 30 пайызынан қолдау тапса, жеткілікті. Атап өтерлігі, елдің басты құжатына өз­геріс енгізу туралы бастаманы Қырғыз Рес­публикасының басшысы Садыр Жа­па­ров көтерген. Мемлекетті басқарудың пар­ламенттік-президенттік басқару фор­ма­сы­нан президенттік билікке көшуді мақсат ет­­кен өзгерістерді 89 мүшеден тұратын конс­­титуциялық жиналыс мүшелері ен­гіз­ген. Халықаралық сарапшылар Қырғыз елі­­нің жаңа Конституциясы мемлекеттің сая­си құрылымымен бірге базалық кон­­с­ти­туциялық принциптерін өзгертеді. Жаңа өз­ге­рістерге сай Қырғыз Парламентіндегі де­путаттар саны 120-дан 90-ға дейін өз­гер­ді. Ал халықтық Құрылтай президентке қо­­­ғамдық дамудың бағыттары бойынша ұсы­ныстар береді. Сондай-ақ Президентке ел­дегі ең жоғарғы қызметті 5 жылдан қа­тары­нан екі рет атқаруға мүмкіндік берілді. Бұған дейін Қырғыз Президенттері тақта 6 жыл бойы бір-ақ мәрте отыра алатын. Былтырғы референдумда Қырғыз елі­нің қолданыстағы заңына бас-аяғы 81 өз­герту енгізілді. Парламенттің сайтында жа­­рияланған Конституцияның жобасы сол тұс­та қырғыз сарапшылары мен заңгерлерін былай қойғанда, Венеция комиссиясы мен ЕҚЫҰ жанындағы халықаралық құқықтық инс­титуттың да сын тезіне ілікті. Олар қыр­ғыз билігін осы өзгертулер мен толық­тыру­лар арқылы азаматтардың бейбіт жиынға қатысу, ойын еркін айту құқығын шектеді деп айыптады. Негізінен, 1993 жылы қа­был­­данған Қырғыз Республикасының Конс­титуциясына референдум арқылы 10 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілген екен. Олардың көбінде елдің жаңадан сай­лан­ған Президенті президенттік-пар­ла­мент­тік билікті президенттік бақсару фор­масына ауыстыруға тырысқан. Ал 2010 жы­лы билік тізгінін қолына алған қырғыз оп­позициясы керісінше президенттік бас­қару формасынан парламенттік билік жүйе­сіне көшірді. 2020 жылы Ресей Федерациясында да әлем­дік пандемияға қарамастан Конс­ти­туцияның 206 тұсына өзгертулер мен то­лық­тырулар енгізу бойынша жалпы­халық­тық референдум өтті. 25 маусымда бас­та­лып, 1 шілдеге дейін жалғасқан шараға дауыс беру құқығына ие ресейліктердің 65 пайы­зы қатысқан. Және де олардың 73 пайы­зы заңға федеративті құрылым, Пре­зи­дент, Парламент, Үкімет, сот билігі және про­куратура, жергілікті өзін-өзі басқару жүйе­лерінде енгізілген өзгерістерге қолдау біл­дірген. Пандемияға байланысты алғаш рет Мәскеу қаласы мен Нижегород облыс­тарын­дағы жалпыхалықтық референдум онлайн режимде ұйымдастырылды. Референдум нәтижесінде Ресейдің бас­ты құқықтық құжатындағы 22 бап өз­герді. Қо­ғам өкілдері мен сарапшылар қауым­дас­тығы бұл плебисциттің қазір Пре­зи­дентке шет­тен тыс өкілеттілік бер­ге­ніне наразылық біл­дірді. Заңға енгізілген өзгерістер мен то­лықтырулар нәтижесінде Владимир Путиннің бұған дейін­гі прези­денттігі есеп­ке алынбай, оған 2024, 2030 жыл­­дары қай­та­дан елдегі ең жо­ғары лауа­зымға сайлануға мүмкіндік берді. Беларусь елі де референдум арқылы биыл­­ғы ақпанда өздерінің Конститу­ция­сы­на өзгеріс енгізді. Елдің бас құжатына өз­герістер енгізу мәселесін Беларусь билігі 2016 жылдан бері қарастырып келгенімен, оған 2020 жылғы президент сайлауынан кейін баса назар аударылды. Осылайша, әуе­лі арнайы комиссия Конституцияның жаңа мәтінін дайындады. Ал былтырғы жыл­дың соңында құжат жалпыхалықтық тал­қылауға салынды. Сол сәттен бастап тәуел­сіз сарапшылар жаңа Конституция ел­дегі саяси жағдайды өзгертуге қабілетсіз деп таныды. Соған қарамастан 27 ақпан­дағы жалпыхалықтық дауыс беру рәсімінде өз таңдауын жасағандар 82,86 пайызы Конс­титуцияға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға қолдайтынын растаған. Нәтижесінде, Беларусь Республикасында мол өкілеттілікке ие жалпыбеларусьтік халық жиналысы деп аталатын құрылым пай­да болды. Сонымен қатар президенттік кан­дидаттарға жаңа талаптар қойылды. Бұдан бөлек, ел басшысының заңнамалық қызметі шектелді. Президентке заңды күші бар декреттер шығаруға тыйым салынды. Ұлттық жиналыстың (Парламент) өкілет­тілік мерзімі 5 жылға дейін ұлғайтылды. Беларусь Республикасының үкімет басшы­ның өкілеттілігі кеңейіп, ол үкімет құрамын жасақтаудағы, бюджет қалыптастырудағы аса ықпалды тұлғаға айналды. Елде адам құ­­қық­тары жөніндегі өкіл институты құ­рыл­­­ды. Осыдан бірер жыл бұрын өткен Әзер­бай­жандағы конституциялық референдум­да Конституцияға 29 өзгеріс енгізілді. Қызығы, әзербайжандықтар баптарға енгі­зіл­ген өзгерістерге жеке-жеке таңдау жаса­ды. Елдегі сайлау құқығы бар азаматтардың 69,7 пайызы қатысқан шарада сайлаушы­лар­дың 90-95 пайызы өзгерістерді қолдап дауыс берген. Референдум нәтижесінде би­лік тармағына бірінші вице-президент жә­не вице-президент лауазым енгізілді. Пре­зиденттің өкілеттілік мерзімі 5 жылдан 7 жыл­ға дейін артты. Әзербайжан басшысы ұлт­тық жиналысты таратып жіберуге құ­қылы болды. Ал Арменияда 2020 жылдың 5 сәуіріне жос­парланған жалпыхалықтық референдум ке­зінде Президент пен Конституциялық Сот­тың өкілеттіліктерінен айыру мәселесі қа­рас­тылуы керек болған. Алайда панде­мия­ға байланысты енгізілген төтенше жағ­дай салдарынан кейінге шегерілген шара сол күйі өтпеді. Биылғы 7 наурызда Молдова президенті Майя Санду елде референдум өткізілуі мүм­­кін екенін хабарлады. Мұнда елдің Еу­ропа­лық Одаққа кіру мәселесіне қатысты аза­маттардың ой-пікірі ортаға салынуы керек болған. Алайда әзірге Молдовадағы жалпыхалықтық референдумның уақыты нақтыланбады.

Соңғы жылдары жалпыхалықтық референдум өткізген посткеңестік елдердің тәжірибесінен олардың президенттік өкілеттілік мәселесіне көп көңіл бөлгені аңғарылады. Ел азаматтарының саяси белсенділігінің арқасында шексіз суперпрезиденттік билікке ие болу фактісі де көп кездеседі. Ал біздегі референдумда қазақстандықтар керісінше биліктің бір қолға шоғырлануынан бас тартып, оны биліктің өзге де тармақтары арасында бөлісу мәселесіне қатысы азаматтық көзқарасын білдірмек.

Шынболат АТЫХАНҰЛЫ