Кеше астанада балкон терезесіне ілініп тұрған кішкентай қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың досы Сағи Жылқышиевке де астанадан баспана берілетін болды. Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Сүйінші, ағайын! Мен айтып жүрген @gbg.kz құрылыс компаниясы Сәбиттің досы Сағиға 2 бөлмелі пәтер сыйлайтын болды. Бұл тұрғын үй кешені енді салынып жатыр. Бұл пәтердің бағасы кемі 25 миллион теңге тұрады», – деп қуанышты хабар айтты.
Кеше 8-қабатта ілініп қалған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді. Қала әкімі Локомотив зауытына жұмысқа орналасуына қол ұшын созатын болды.