Азаматтық альянс референдумды қолдайтын іс-шара өткізді
Азаматтық альянс референдумды қолдайтын іс-шара өткізді
256
оқылды
Кеше Қазақстанның Азаматтық альянсының кеңсесінде «Конституциялық реформа: мемлекеттік басқаруды трансформациялау» тақырыбында конституциялық реформаларды түсіндіру сұрақтары бойынша өңірлік өкілдіктердің қатысуымен референдумды қоғамдық қолдау штабы мүшелерінің бейнекөпірі өтті. Шара Қазақстанның Азаматтық альянсының орталық кеңсесі мен аймақтық өкілдіктерінің негізінде ұйымдастырылды. Альянс президенті Бану Нұрғазиева видеокөпір жұмысын ашып, Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақмерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын Жолдауда белгіленген саяси реформалардың 10 басым бағытын атап өтті. референдум Конституциялық реформаның саяси мәні – бұл суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу мақсатында Екінші республиканың конституциялануы. Олар Қазақстанның билік институттарын қалыптастыру мен өзара іс-қимылының сапалы жаңа моделіне көшуін, жаңа саяси мәдениеттің орнығуын білдіреді, деді Бану Нұрғазиева. Іс-шараға референдумды қолдау үшін құрылған республикалық штабтың басшысы Төлеубек Мұқашев, «Қазақстан депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Мақсатхан  Анапин, Қазақстанның Азаматтық альянсының 17 өңірлік көшбасшылары, жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «Мұнда басты мәселе – ұсынылған өзгерістер бойынша дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Соған орай қоғамның барлық топтарын оны талқылауға тарту. Бұл дегеніміз – Мемлекет басшысы айтқандай, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді», дейді Төлеубек Мұқашев. Отырыс спикерлері конституциялық реформалар уақыт талабына сай ел болашағы үшін маңызды саяси бастамалар  екенін сөз етті. Бұл бағытта азаматтардың барлық санаты, яғни еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін реформаның мәнін түсініп, оны талқыға салып, пікірін білдіруде белсенді болуы үшін түсіндіру жұмысында дұрыс жүргізе білу қажет», деді «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық альянсы қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Болат Қалиев. референдум Жиында спикерлер адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тәуелсіз мәртебесі; Конституциялық сотты заңдылықты қамтамасыз етудің жоғары тәуелсіз органы ретінде құру; Жер қойнауын пайдалану туралы заң жобасы секілді маңызды тақырыптарды талқылады. Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдык бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев жаңа Қазакстанға жаңа заңдар, әсіресе азамат пен қоғамның құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғайтын заңдар қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мажілісінің осы жылдың қаңтар айындағы отырысында «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі» айдарымен сөйлеген сөзінде және наурыз айындағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында еліміздің экономикасының өсіп-өркендеуі мен халықтың әл-ауқаты деңгейінің жақсаруы үшін түбегейлі реформаларды тез арада жүзеге асыру қажеттігін айтқан. Ал осы реформаларды ең алдымен Ата заңымызға қазіргі заман талаптары мен халықтың мүдделерін қорғауға бағытталған тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізуден бастау керегі айдан анық еді. Еліміздің басты Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың заңдылығына тиісті бағасын беру жөніндегі сұрауына Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің оң бағадағы қорытындысын алған Президентіміз осы жылдың 5 мамырында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселе бойынша халықтың еркі мен пікірін ескеру мақсатында 2022 жылдың 5 маусымында Республикалық Референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының еліміздің өміріндегі түбегейлі оң бетбұрыстарға жасаған қадамдарын және қоғам мен әрбір азаматтың пікірі ескерілетін Республикалық Референдум өткізуді толығымен қолдаймын, деді ол.
Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар ZOOM-ға қосып, онлайн форматта қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.