Шымкентте теміржолда қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар анықталды
Шымкентте теміржолда қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар анықталды
287
оқылды
Жаяу адам теміржол ережелерін жиі бұзатын өңірлердің бірі – Шымкент қаласы. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Мәселен, осы жылдың 4 айында 4 қайғылы жағдай болған, біреуінің арты өлімге әкеп соқтырды. Басты себеп – тұрғындардың бейқамдығы.    width= Оның сыртында жыл басынан бері  машинистер жолға адам шығып кетуіне байланысты 14 рет пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл жерде ескере кететін бір жайт, пойыз автокөлік емес, тоқтауы қиын. Тежеуішті басқаннан кейін бір шақырым жүріп барып тоқтауы мүмкін. Осыны кейде білместіктен, кейде біле тұра тұрғындар асығыстықтан немесе абайсыздықтан ереже бұзады.    width= «Қазақстан темір жолы» компаниясы қомақты қаржы жұмсап, пойыз өтетін ауыл-аймақтардағы жолдарға қоршау орнатады. Соған қарамастан теміржол маңындағы тұрғындар, арасында балалар да бар, өмірлерін қаперге тігеді. Онымен қоймай қоршау материалдарын ұрлап та кетіп жатады.    width= Теміржол – өте қауіпті аумақ. Теміржол қателікті кешірмейді. Сондықтан теміржол ережелерін барынша сақтаған абзал. Шойын жолды жағалай қонған тұрғындарға осы қауіп-қатерді түсіндіріп, тәртіп бұзғандарды анықтау үшін теміржол қызметкерлері, әскерилендірілген темір жол күзеті және көлік полициясының өкілдері Шымкентте арнайы рейд өткізіп жатыр. Қарекеттің басты мақсаты – жазықтыны жазалау емес, насихат жұмысын күшейту.