Білім және ғылым министрлігі өкілдері оқушы зорланған жекеменшік мектепті тексеру үшін Алматыға келді
Білім және ғылым министрлігі өкілдері оқушы зорланған жекеменшік мектепті тексеру үшін Алматыға келді
© egemen.kz
378
оқылды
Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мариям» жекеменшік мектебінде оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайды зерттеу үшін Алматыға келді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің өкілдері аталған дерек бақылауда екенін жеткізді.
«Біз бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Бүгін профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында «Мариям» жекеменшік мекемесінде тексеру жүргіземіз. Сонымен қатар оқушының отбасына да барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек көрсетіледі. Тергеудің қорытындыларына байланысты шаралар қабылданады. Сараптама нәтижесін күту маңызды. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз», – деді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.
Бұған дейін зорланған 1-сынып оқушысының әкесі оқиғаға қатысты мән-жайды айтқанын хабарлаған болатынбыз.