12 мамырда «112» қызметіне Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2021 жылғы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері және полиция департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылды.
Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.
ТЖД ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
https://youtu.be/kqwUq9YAskk