Қос азаматтығы бар тұрғынға 428 мың теңгеден астам айыппұл салынды
Қос азаматтығы бар тұрғынға 428 мың теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: mail.kz
356
оқылды
Биыл Шығыс Қазақстан облысында биыл 300-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан өз еркімен бас тартқан. Полиция департаментінің дерегінше, аймақта қос азаматтығы бар адамдар анықталды. Жыл басынан бері 300-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан өз еркімен шыққан. Сондай-ақ қос азаматтықпен жүрген 30-дан астам адам жауапқа тартылды. Атап айтқанда, 2016 жылдың қыркүйегінде Алтай өлкесінде Ресей азаматтығын алған Глубокое ауданының 67 жастағы тұрғыны анықталды. Зейнеткер бұл туралы Қазақстанның ішкі істер органдарына да, шетелдегі мекемелерге де хабарламаған. Оған ҚР ҚК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша 200 АЕК (428 820 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленді.