Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7, 13 теңгеге арзандап, 1 доллар 427,84 теңге болды.
Ұлттық банктің 13 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 434,76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 432,42 теңге, сатып алу – 438,41 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 432 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 435,42 теңге.