AMANAT: Таразда партия қатары жастармен толықты
AMANAT: Таразда партия қатары жастармен толықты
683
оқылды
AMANAT партиясының қатары жаңа азаматтармен толықты. Олардың арасында спорт, денсаулық сақтау, білім беру саласының өкілдерімен қатар, жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтар да бар. Мәселен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің спорт кафедрасының меңгерушісі Наталия Сиротина жеңіл атлетикадан Қазақстанның 6 дүркін чемпионы.  Байзақ аудандық №8 спорт мектебінің жаттықтырушысы Елтай Шарапи 2014 жылғы Малайзия мемлекетінде таэквондодан жасөспірімдер арасында өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері.  Жуалылық Бақытжан Бекболат еркін күрестен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.  width= Меркі аудандық мәслихатының депутаты Руслан Айтбаев, «Құлан-Дән» ЖШС несие серіктестігі филиалының директоры Азиза Баймаханова, жеке кәсіпкерлер Ақбота Бекболат, Жандос Жақсылықов, Нұрбек Жұбаев өз бизнесін  дөңгелетіп жүрген азаматтар. Жамбыл аудандық орталық емханасының дәрігері Айдана Каипова білікті дәрігер  болса, «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің маманы Мансур Тохирович жастар көшбасшысы. Партияның жаңа мүшелерін  AMANAT партиясы Жамбыл облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  жариялаған маңызды саяси реформаларды бірге жүзеге асыруға шақырды.