Алматылықтарға ескерту жасалды
Алматылықтарға ескерту жасалды
207
оқылды
Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты Алматыда ескерту жариялады.
Қалалық ТЖД 15 мамырда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп хабарлады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыз ауа райы кезінде ғимараттар мен орын-жайларда болу сұралады. Сондай-ақ, көліктерін, мейілінше ағаштардың астына қалдырмау ескертілді. Туристерге тауға саяхаттау жоспарын кейінге қалдыру сұралады, таулы аймақтарда да ауа райы мінез танытып, қолайсыздықтар туындайды деп күтіледі.