Алматылықтарды алдаған алаяқ әйел ұсталды
Алматылықтарды алдаған алаяқ әйел ұсталды
580
оқылды
Алматы полицейлері бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікті әйелді ұстады. Полицияның хабарлауынша, ол біреуге әлеуметтік тұрғын үй кезегін "жылжытуға", тағы біреуге банктен қайтарымсыз несие алып беруге уәде етсе, тағы бірін қылмыстық істі тергеу барысына ықпал ете алатынына сендірген.
"Уақыт өте келе бұл адамдар алданғанына көз жеткізіп, ішкі істер органдарына арызбен жүгінді. Б деген азамат ұсталды. Тергеу кезеңінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілетін болады. Сонымен қатар, қазір басқа да ықтимал жәбірленушілерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, жүзеге асырылуда", – деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Думан Аухадиев.