Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дэнни Дигнум арасындағы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Қазақстандық боксшының командасы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсететіні туралы видео-анонс жариялады. Трансляция жексенбі, 22 мамыр, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 08.00-де басталады.
Жекпе-жек Лас-Вегаста WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін өтеді. Бұл екі боксшының да әлем чемпионы атағы үшін алғашқы айқасы болмақ.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында өткізген. Ол Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) кездесіп, франциялық боксшыны сегізінші раундта нокаутқа жіберген болатын.