Жәнібектің жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді
Жәнібектің жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді
169
оқылды
Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дэнни Дигнум арасындағы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Қазақстандық боксшының ко­ман­дасы жекпе-жекті «Хабар» теле­арнасы тікелей эфирде көрсететіні туралы видео-анонс жариялады. Трансляция жексенбі, 22 мамыр, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 08.00-де басталады. Жекпе-жек Лас-Вегаста WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін өтеді. Бұл екі боксшының да әлем чемпионы атағы үшін алғашқы айқасы болмақ. Еске салайық, Жәнібек Әлімхан­ұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында өткізген. Ол Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) кездесіп, франциялық боксшыны сегізінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

А.ЖАСАНҰЛЫ