Асхат Оралов: Партияның басты мақсаты – халық пен билік арасында көпір болу
Асхат Оралов: Партияның басты мақсаты – халық пен билік арасында көпір болу
297
оқылды

Партия халықтың сөзін сөзін сөйлейді, Президенттің тірегі болып қала береді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ауылдағы, аймақтағы ағайынға жеткіземіз. Ой-мақсатымыз да билік пен халық арасындағы алтын көпір болып қалу. Мұның нақты тетіктерінің бірі – орталықсыздандыру процесі. Бұл дегеніміз Жаңа Қазақстан, Екінші Қазақстан тұжырымдары тек елордада ғана, Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асуы тиіс. Мұны AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов «Үш сұрақ» бағдарламасында айтты.  width= «Бізде 20 мыңнан аса әртүрлі Үкіметтік емес ұйым бар. Енді заңға өзгерістер енген соң, 5 мыңнан аса мүшесі бар ұйым саяси партия болып тіркеле алады. Бұл бізге де үлкен сынақ деп есептеймін, мойындау керек. Дегенмен, AMANAT партиясының әлеуеті, инфрақұрылымы өте мықты. Сондықтан да біз бәсекеден қорықпаймыз. Бәсекелестік бізге жаңа мүмкіндіктер береді», - деді атқарушы хатшы. Бағдарлама барысында Асхат Оралов өзге де елдік, ұлттық мәселелерді қаузап, ой-пікірін жеткізді.