Алматыда бұршақ жауып, найзағай ойнайды
Алматыда бұршақ жауып, найзағай ойнайды
810
оқылды
Синоптиктер 15 мамырда тәулік бойы қатты жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайтынын, бұршақ болатынын ескертті.
"Батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігіңізше шықпаңыз! Көліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз!", - делінген хабарламада.
Ал Алматы тауларында 14 мамырда күндіз, 15 мамырда тәулік ішінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болатынын хабарлады.
"Солтүстік-батыстан найзағай кезінде жел секундына 15-20 метрге дейін, 15 мамырда екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Тауға шықпауларыңызды сұраймыз! 112 ескертулер мен медиа, теледидар, радиохабарларын мұқият тыңдаңыз!", - деді ТЖД өкілдері.