Жұмада қайтыс болған шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның інісі Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңа президенті сайланды.
«Абу-Даби шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті қызметіне кірісті», деп жазылған ресми хабарламада.
Ол - Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы тұлғаның үшінші ұлы.
13 мамырда БАӘ Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян дүние салды. Ол жер бетіндегі ең бай адамдардың бірі болған еді.