Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды
171
оқылды
Екібастұзда екі көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті. Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Лада-21074" автомобилінің жүргізушісі Kia Rio көлігіне жол бермей, жол-көлік оқиғасы орын алған. Kia Rio қозғалыс траекториясын өзгертіп, жолда тұрған көлікті соққан. Lada жүргізушісі мен оның жолаушылары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Тексеріс жүргізіліп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегінше, зардап шеккен 3 адам Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды. "Миы шайқалып, жабық ми жарақатын және көптеген дене жарақатын алған 1974 жылы туған ер адам травматология бөліміне жатқызылды. 2007 және 2010 жылы туған 2 жасөспірім балалар хирургиясы бөліміне түсті. Олар жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, денесі көгеріп, сыдырылған. Үшеуінің де жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде", - деп жазылған хабарламада.