"Ата-анасы моншада болған": Текеліде болған селден 5 жасар қыз көз жұмды
"Ата-анасы моншада болған": Текеліде болған селден 5 жасар қыз көз жұмды
Фото: time.kz
321
оқылды
Бүгін 200-ден астам адам Алматы облысының Текелі қаласында болған селден кейін 5 жасар  қызды іздеген еді. Өкінішке қарай, оның денесі табылды. Бұл туралы Время басылымы жазды. Бүгін түстен кейін кеншілер қаласындағы бес үй лай су астында қалды, Қонаев көшесіндегі N350 үй толығымен бұзылды. Құтқарушылар бірнеше сағат бойы кинологиялық қызметті тарта отырып, 5 жасар Жанбота Қанатқызын іздеді. Кейінірек оның көз жұмғаны анықталды. Сел болған кезде баланың ата-анасы моншада болған. Қыздың әкесінің айтуынша, ол көшеде қорқынышты дауысты естігенде аулаға жүгірген, бірақ үйі лай көшкінімен жабылып қалған. Кіші қыз сол жерде қалып қойған. 6 сынып оқитын үлкен қызы бұл уақытта  көрші ауылдағы әжесінің үйінде болған. Қазір қыздардың ата-аналары ауруханада, олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. ТЖ орнында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашевтың басшылығымен облыстық жедел штаб құрылды.  width=