Текелідегі лай көшкіні: куәгерлер әлеуметтік желіде апат болған сәттің видеосын жариялады
Текелідегі лай көшкіні: куәгерлер әлеуметтік желіде апат болған сәттің видеосын жариялады
Фото: Видеодан скриншот
198
оқылды
Текеліде лай көшкіні жүрді. Бірнеше үйді лай басып қалды. Табиғи апаттан бес жасар қыз қаза тапты. Куәгерлер әлеуметтік желіде көшкін жүрген сәттен видео жариялады. Видеодан тосыннан келген апаттан тұрғындардың қашып бара жатқанын көруге болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Бұған дейін Алматы облысы Текелі қаласында лай көшкінінен зардап шеккендерге баспана берілетіні туралы жазған болатынбыз. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Twitter-дегі парақшасында жазды. «Бүгін Текеліде лай көшкіні жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған қыз бала қаза тапты. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі», – деді әкім.