Референдум-2022: астана тұрғындары дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты онлайн ала алады
Референдум-2022: астана тұрғындары дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты онлайн ала алады
Фото: kazpravda.kz
5 маусымда Қазақстанда жалпы республикалық референдум өтеді. Елорда тұрғындары өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді онлайн режимде ала алады, – деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.  width= Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өзінің дауыс беру учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі арналар арқылы алуға мүмкіндік береді: Ресми веб-сервис: https://referendum.astana.kz/ Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/ns_referendum_bot "Қалалық қызметтер" бөліміндегі "SmartAstana" мобильді қосымшасы: Android: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.citysoft.smartastana&hl=ru iOS: https://apps.apple.com/kz/app/smart-astana/id1080928295 IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефон нөмірі бойынша. Азаматты белгілі бір дауыс беру учаскесінде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болатынын атап өткен жөн. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz  электронды үкімет порталына жүгіну қажет. «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына. Қалалықтардан республикалық референдумға қатысып, конституциялық құқығын пайдалануды сұрайды, өйткені әр адамның дауысы маңызды!