Украинаның қарулы күштері Ресейдің шекарасына жетті (ВИДЕО)
Украинаның қарулы күштері Ресейдің шекарасына жетті (ВИДЕО)
© t.me/s/usbanov
400
оқылды
Украинаның қарулы күштері Ресей әскерін Харьков бағытында шегіндіріп, қаланы артиллерия соққысынан толық қауіпсіздендіріп, Ресей шекарасына жетті. Бұл туралы УНИАН агенттігі хабарлады, - деп жазады  halyq-uni.kz Ал АҚШ-тың соғысты зерттеу институты Ресей Харьков үшін шайқаста толық жеңіліс тапты деп мәлімдеді. Ресей әскері Харьков бағытында жеңіліс тапса да, Украинаның шығысындағы Донецк пен Луганск облысын толық басып алу ойынан әлі бас тартпады. Қазі олар Северодонецк, Соледар және Бахмут қалаларын басып алу шін әрекет етуде. Бұл туралы Украина қарулы күштері Бас штабы мәлімдеді. Украинаның Ішкі істер министрі Вадим Денисенконың айтуынша, енді  украин сарбаздарын тоқтату мүмкін емес. Олар қарсы шабуылдауды жалғастыра береді. Ал Қорғаныс министрі Алексей Резниковтің пікірінше, қазір Ресей әскері тегеурінді соққылардан кері шегініп жатыр. Алдағы апталарда Украина Қарулы күштеріне өз күштеріне сүйенуге тура келеді. Содан кейін Батыстан ауыр қарулар алған соң майдандағы күштердің ара салмағы теңеседі. БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, Украинада қазірге дейін 100 млрд доллардың инфрақұрылымы қирады. Соғыс бір жылға созылса, халықтың 90% кедейленеді. Ал соғыстің әлі бітетін түрі жоқ.