Белгілі актер Рахман Омар әріптесі Сағат Жылгелдиевтің қалай қайтыс болғанын еске алып, оған жазба арнады.
"Жалған дүние-ай... Кім ойлаған? Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен, дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?! Жүрегім езіліп отыр... Дел-сал күйдемін... Тірі жанға жаманшылығы жоқ, басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүрүші еді. Жасы бізден біраз үлкен болса да, өте ширақ, қимылы көз ілеспейтіндей жылдам еді...
Қайран ағам-ау, қайтейін?!
«Әй, Сағат!» деп құрдасымдай ойнаушы ем... Енді кімге еркелеймін?! Орның ойсырайды ғой, көкешім-ау...
Көз алдымызда кетіп қалдың-ау...
Жаның жәннатта шалқысын, аға-ау... Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз.
Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды.
Қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видео", – деп жазды ол.