Каспий теңізіне үш адам батып кетті
Каспий теңізіне үш адам батып кетті
466
оқылды
Маңғыстау облысында Каспий теңізіне шомылу кезінде төрт адам суға бата бастаған. Олардың бірін сол маңдағы адамдар жағаға алып шығып, аман алып қалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, бүгін сағат 18.32-де Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында суға шомылу кезінде 4 адам суға батып кеткен.
«16 мамырда құтқару қызметіне куәгерлер хабарласып, Ақтау қаласының 4-ші ықшам ауданында шомылуға рұқсат етілмеген жерде төрт адамның суға түсіп, Каспий теңізіне батып бара жатқанын жеткізді. Оның біреуін сол маңдағы адамдар жағаға шығарып үлгерген. Үш адамды құтқару мүмкін болмады. Құтқарылған 1996 жылы туған Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханаға жеткізілді, жағдайы бірқалыпты. 1999 жылы туған бір азамат пен Қарағанды қаласының екі тұрғыны суға кетті. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Сағат 19.58 кезінде Қарағандының бір тұрғынының денесі судан шығарылды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында 10 құтқарушы және екі техника, үш дәрігер жұмыс істеп жатыр.