Шығыс Қазақстанда мемлекетаралық іздеуде жүрген екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алтай аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері аға жедел уәкіл Айбек Түсіпханов және аға жедел уәкіл Диляра Камитова мемлекетаралық іздеуде жүрген екі адамды анықтады.
Іздеуде жүрген екі ер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған 29 және 30 жастағы
Алтай өңірінің тумасы болып шықты. Бұрын сот үкімі бойынша екеуіне де пробациялық бақылау белгілері арқылы бас бостандығын шектеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған болатын, алайда сотталғандар пробация қызметіне міндетті тіркеу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін келмеген.
Сотталғандардың мекенжайын анықтау бойынша жүргізілген алғашқы іздестіру шаралары нәтиже бермеген, осыған байланысты аталған екеуге мемлекетаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылданды.
Алтай аудандық криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларының жоспары бойынша жұмыс жүргізіліп, көп ұзамай оң нәтиже берді.