Ауызбірлік пен патриотизм үшін керемет мотивация
Ауызбірлік пен патриотизм үшін керемет мотивация
428
оқылды
Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы – Президенттің қызметіне кіріскеннен бастап қолға алған демократияға ұстанған ба­ғыты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Консти­туцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуін дұрыс шешім деп санаймын. Дәл осы Конституцияға тү­зетулерге жалпыхалықтық дауыс беру барлық қазақстандықты мем­лекеттің жаңару процесіне тартуға мүмкіндік береді. Қоғамдық пі­кірді ешқандай мемлекеттік ап­парат та, қандай да бір саяси ше­шімдер мен экономикалық тетік­тер де алмастыра алмайды. Рефе­рендум еліміздің барлық аума­ғында өтеді, шараға қа­тысу еркін сипатқа ие. Оған қаты­са­тын қа­зақ­стандықтар 18 жастан жо­ғары болуы тиіс. Бұл Қазақстан жас­тары үшін өзінің азаматтық ұста­ны­мы мен патриотизмін көрсету үшін керемет мотивация деп ой­лаймын. Бүгінде жастар республи­ка халқының 29%-ын құрайды. Қазақ­станның болашағы еліміздің стра­те­гиялық ресурсы саналатын жастар­мен тікелей байланысты. Бұл жай ғана сөз емес. Мемлекет тарапынан жастарға үлкен көңіл бөлінеді. Олар үшін дамыту мен қолдау бойынша көптеген бағ­дарлама әзірленген. Жас­тар сая­сатына қатысты салалық және аймақтық бағдарламаларды жү­зеге асыру аясында оларды еліміз­дің әлеуметтік-экономи­ка­лық және қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде тарту үшін барлық жағдай жасалған. Жастармен жұмыстың прин­ципиальды жаңа түрлері енгізіл­ген. Сондай-ақ қатарынан ілгері, перс­пективасы мол, мақсаты анық жас адамдар үшін жан-жақ­ты ашық та айқын әлеуметтік лиф­тіні қам­та­масыз ету қажет. Жастар мен жастар саясатымен айналысатын атқарушы билік инс­титуттары арасында жүйелі түрде диалог өткізіп, бай­ланысты дұ­рыс орната білу ана­ғұрлым маңыз­ды. Неғұрлым көп­теген жасты ел басқару тетігіне кө­бірек араластыру Қазақстанды мо­дернизациялауға мүмкіндік бер­мек. Қазақстандықтардың жеке және қоғамдық құндылықтарын қайта түр­лендіру – заманауи міндет. Прези­дент айтқандай, біз тамыр-таныс­тыққа, қамқорлыққа, жемқорлыққа және компрадор­лыққа табанды түрде тосқауыл қоятын боламыз. Жаңа Қазақстан әділет мекеніне айналуы тиіс. Ол үшін тек заңды бұлжытпай орын­дап қана емес, оның салтанат құр­ғанына қолдау таныта білуіміз керек. Конституциялық реформа бойын­ша республикалық рефе­рен­дум өткізудің бірқатар жақсы жағы да бар. Жаңа Қазақстанда мемлекет өміріндегі маңызды ше­шімдер тек қоғамның кеңінен қатысуымен және қолдауымен қабылданады деп санаймыз. Бо­лашаққа үмітпен және сеніммен қараймыз. Жаңа формат­тағы Қазақстанды бәріміз тек тізе қоса отырып құра аламыз.