Металл экспортын шектеу керек пе?
Металл экспортын шектеу керек пе?
212
оқылды
Қазақстанда қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын экспортқа шығаруға кезекті рет тыйым салынды. 6 мамырдан бастап күшіне енген бұй­рыққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қол қойған. Алайда отандық металлургиялық зауыттарда шикізат тапшылығының алдын алу мақсатында қабылданған шараға металл сынықтарын дайындайтын мекемелер қарсылық білдірді. «Қазақстанның түсті және қара металл сынықтарын дайындаушы­лар мен қайта өңдеушілердің өзін-өзі реттейтін ұйымы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Владимир Лик министрлік металл экспортына шектеу қоюда көп мәсе­лені назардан тыс қалдырғанын айтады. – Бұл мәселеде салалық қауым­дастықтардың талап-тілегі, ұсыныс-пікірлер тағы да ескерілмеді. Мә­се­лен, металл экспортына шек­теу­ден тот баспайтын болаттың сы­­нық­тары мен қалдықтарын да­йын­­дау­шы­ларға үлкен соққы бол­ды. Қа­зақстанда сынықтар мен қал­дық­тардың осы түрін өңдейтін бірде-бір кәсіпорын жоқ, – дейді басқарма төрағасы. Демек, министрліктің металды шекара асыруға тыйым салуы са­ладағы кейбір шикізат дайындаушы бизнес өкілдеріне ауыр тиюі мүмкін. Мұнан бөлек дәл осы кә­сіппен айналысып жүрген 1 мыңға жуық ком­пания банкрот­тықтың аз ал­дын­да тұр. Мұның сыртында әлгі компаниялардың әрқайсысында еңбек ететін мыңдаған адамның жұ­мыссыз қалу қаупі туындайды. Дегенмен бұл мәселеге қатыс­ты Индустрия және инфрақұры­лымдық даму министрлігінің өз ұстанымы бар. Ведомствоның мә­­­лі­­метінше, металл сынықтарын пай­­даланатын отандық кәсіп­орын­­­дар шикізат тапшылығын се­­зі­ніп отыр. Сон­дықтан министр­лік металл экспор­тына уақытша тыйым салған. – Біздіңше, бұл шектеу ел эко­но­микасына теріс әсер етпейді. Металл қабылдау пункттері жабыл­майды. Өйткені металл сынықтары ішкі нарықта да сатылады. Оның үстіне шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында министрліктің алаңын­да Индустрия және инфрақұры­лымдық даму министрлігі, шикі металл сынықтарын дайындайтын кәсіпорындар қауымдастығы және металлургиялық компаниялар ара­сында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құ­жат металл сынықтарын жеткізуге, олардың жеткізілімінің тұрақтылы­ғына, жеткізілген шикізатқа уақы­ты­лы төлем жасауға, олардың шарт­тарына, техникалық талаптарына, металл сынықтарын дайындайтын кәсіпорындарды мониторингілеуге және өзге де міндеттемелерге ар­налған ұзақмерзімді келісімшарт жа­сауды көздейді, – дейді Индус­триал­дық даму комитетінің бас­қарма басшысы Жанат Игісінов. [caption id="attachment_196532" align="alignleft" width="1200"]металл © коллаж: Елдар Қаба[/caption] Министрлік салалық қауым­дастықтармен жиын өткізіп, металл экспортына тыйым салу мәселесін талқылап, мамандардың, металл дайындаушы ұйымдардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түргенін айтып сендірді. Алайда «Қазақстанның түсті және қара металл сынықтарын дайындаушылар мен қайта өңдеу­шілердің өзін-өзі реттейтін ұйы­мы­ның» басқарма төрағасы В.Лик ведомство­ның мұндағы кейбір сын-ескерт­пелердің сол айтылған же­рінде қа­лып кеткеніне өкпелі. Оның үстіне министрліктер мәлімде­ген­дей, металл жетіспейді деп дабыл қаққан отандық кәсіпорындардың көбі шикізат үшін ақы төлеуге асық­пай­тын көрінеді. Дайын шикізатты теміржол көлігімен тасымалдау тарифі де кәсіпкерлердің қалтасына едәуір салмақ салады. – Қазақстандағы металлургия­лық зауыттардың көбі түсті және қара металл сынықтарын дайын­дайтын кәсіпорындарға қарыз. Әрі олар бізден ірі көлемде шикізат са­тып алуға айтарлықтай құлық­ты емес. Металл тапшылығы болса олар шикізатты көптеп сатып алуға ұмтылар еді. Ал бізде керісінше ме­талл сынықтарын сатып алу көлемі төмендеп кетті. Мәселен «Арселор Миттал Теміртау» акцио­нерлік қо­ғамы өткен жылдың қа­раша айынан бастап қара металл сынықтарын сатып алу көлемін бірден 2-3 есеге азайтты. Оның үстіне былтыр атал­ған компания шикізат дайын­дау­шы­ларға 5 миллиард теңгеге дейін қарыз болып қалды. 15 сәуірдегі мә­лімет бойынша қауымдастыққа мүше шикізат дайындаушы кәсіп­орындарға қазақстандық металлур­гиялық компаниялар 2 миллиард 545 миллион теңге қарыз, – дейді В.Лик. Қауымдастық жетекшісі жеке­ле­ген металлургиялық компаниялар 20 тонна шикізатқа 7 айдан бері есептесе алмай жүргенде экспортқа шектеуді ішкі нарықтың сұранысы­мен байланыстырудың қажеті жоқ екенін айтады. Сондықтан мұндай шектеу енгізілген соң қара және түс­ті металл сынықтарын дайындау­шы мекемелердің де мүддесі еске­рілуі керек еді. Бұл орайда «Қазақ­станның түсті және қара металл сынықтарын дайындаушылар мен қайта өңдеушілердің өзін-өзі рет­тей­тін ұйымы» министрлікке ме­таллур­гиялық зауыттардың дайын­даушы кәсіпорындармен ірі келісім­шарт жасау туралы да ұсы­ныстары еске­ріл­меген. Бір сөзбен айтқанда, қа­зақ­стандық кәсіпорын­дар дайын шикізатты өңдеп үлгере алмай жа­тыр. Демек, ішкі нарықта сұраныс жоқ немесе толықтай өтел­ген. Ал мұн­­дай жағдайда металл экс­порты­на уақытша тыйым салу­дың қажеті бар ма? «Қазақстанның түсті және қара металл сынықтарын дайындау­шы­лар мен қайта өңдеушілердің өзін-өзі реттейтін ұйымының» басқарма төрағасы осы орайда министрліктен дайын шикізатты Әзербайжан, Қытай, Түркия, тіпті Өзбекстан ба­ғытында жөнелтуге рұқсат сұраған. Аталған елдің металлургиялық кә­сіп­орындары қазақстандық металл сынықтарын жоғары бағада қабыл­дауға әзір. Алайда министрлік да­йындаушы кәсіпорындарды тек Ре­сей­мен алыс-беріс жасауға мін­дет­тейді. Ал бұл жағдай кейбір түсті металл сынықтарын дайындайтын­дар үшін ауыр тиіп отыр. Өйткені сол­түстіктегі көршімізде олардың ши­кізатын өңдейтін кәсіпорын жоқ. Қысқасы министрлік өзімізге жет­пей жатыр деп металл экспорты­на шектеу қоймастан бұрын нарық­тағы жағдайды бағамдауы керек се­кілді. Әйтпесе дайын шикізатты отан­дық металлургиялық компа­ниялар өңдеп үлгере алмай жатыр. Шикізатты қабылдап алғандарының өзі дайындаушы компаниялармен есептесуге асықпайды. Бұл жағдайда олардың еркін экспортқа шығуына кедергі болмау қара және түсті металл өндірушілер үшін зор көмек болар еді. Десе де министрлік әзірге өз ұстанымдарынан танбай отыр. Қалай десек те өндірісті дамытып, кәсіпкерлерді бәсекеге қабілетті ету үшін олардың кез келген нарыққа өз өнімін ұсынуына мүмкіндік бе­руіміз керек.