Павлодарда із-түзсіз жоғалған 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Павлодарда із-түзсіз жоғалған 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Фото: aikyn.kz
237
оқылды
Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 27 жастағы Павлодар облысы Қарасук ауылы тұрғынының мәйіті табылды. Бұл туралы VITA жасағының еріктілері хабарлады. Олар жоғалған жігітті екі аптадан бері іздеп жатқан еді. «27 сәуірге қараған түні із-түзсіз жоғалып кеткен Дархан Байтоқтың мәйіті табылды. Өкініштісі, біз қорыққан болжам тура келді», – деді VITA-ның еріктілері. Бұл ақпаратты Павлодар облысының Полиция департаменті де растады. «Полицейлер із-түссіз жоғалған азаматтың мекенжайын анықтап, іздестіргенде қамыс арасынан Дархан Байтоқтың өлі денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамадан өткізілді. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шықты», – деді департамент өкілі. Бұған дейін жігіттің туыстары 5 миллион теңге сыйақы ұсынғанын жазған болатынбыз.