Жоғалып кеткен павлодарлық жігіттің туыстары 5 миллион теңге сыйақы ұсынып жатыр
Жоғалып кеткен павлодарлық жігіттің туыстары 5 миллион теңге сыйақы ұсынып жатыр
Павлодар облысында жоғалып кеткен Дархан Байтоқтың туыстары жігіттің қайда екені туралы мәлімет бергендерге 5 миллион теңге көлемінде сыйақы ұсынуда. Өйткені, әзірге іздеу жұмыстарынан нәтиже жоқ. Мұны аймақтағы VITA іздеу жүйелері еріктілері Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. 30-сәуірге қараған түні достарымен жиналған 27 жастағы Дархан Байтоқты көпшілік бір аптадан бері іздеу үстінде. Еріктілер жас жігіт жоғалып кеткен ауылға барды. «Бір топ Дарханды судан, ал екінші топ жігіттер құрлықтан іздеді. Еш нәтиже жоқ. Жігіттің туыстары ол туралы ақпарат айтқан адамға 5 миллион теңге сыйақы ұсынады», - деп атап өтті еріктілер. Дархан туралы ақпарат білген адамдар мына телефондарға хабарласа алады: +7 747 615 55 63, +7 777 334 82 01 немесе 102.  
Бұған дейін жігіт 13 досымен бірге демалысқа шыққаны хабарланған. Дархан жолдастарымен туған ауылы Қарасұқтан бір шақырымдай жерде орналасқан үйде болып, түнде үйіне қайтып кеткен. Содан бері қайда екені белгісіз.  width= Полицейлер жедел-тергеу тобын құрып, бағыт-бағдар құрастырды. Облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ басқа облыстардағы полиция департаменттеріне ақпарат жіберді.