1000-ға жуық жемқор бар
1000-ға жуық жемқор бар
322
оқылды
Бюджеттен бөлінген қаржыға жиендік жасаушылар азаймай тұр. 2017 жылдан бастап 2019 жылды қоса есептегенде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 1,5 мыңдай сотқа дейінгі тергеп-тексеру болған. Оның ішінде 1 мыңға жуық қылмыстық іс тергеумен аяқталған екен. Жымқыру фактілері көбінесе құрылыс саласында тараған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ала­ңындағы  жиналыста аға тергеуші Данияр Биғайдаров: «Статис­тикалық мәліметтерге сәйкес 2019 жылы сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызмет өндірісінде жемқорлық фактілері бойынша 455 сыбайлас жемқорлық қыл­мыстық іс болған, оның 399-ын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тіркеген, 235-і өндіріс­пен аяқталып, оның 192-сі сотқа жолданды», деп айтып өтті. Осы қылмыстардан мемлекетке кел­тірілген залал шамамен 5 млрд теңгені құрап, оның 4 млрд-қа жуығы қазіргі уақытта мемле­кетке қайтарылды. Іс жүргізуде жүздеген миллион бюджет қара­жатын жымқыру фактілері бо­йынша бірқатар қылмыстық іс тергеліп жатыр.  Спикер атап өткендей, жымқыру фактілерінің көбісі тендерлерді бөлу, шарт­тарды заңсыз жасау, жалған жұ­мыстарды орындау актілеріне қол қою, жалақы мен іссапар шығындарын заңсыз есептеумен байланысты. Жалпы, статис­ти­калық деректерге сәйкес 2017 жыл­дан бастап 2019 жылға де­йінгі кезеңде сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызмет өндірісінде 1,5 мыңдай (2017 жылы – 574, 2018 жылы – 441, 2019 жылы – 455=1470) сотқа дейінгі тергеп-тексеру болды. Оның ішінде 1 мыңға жуық қылмыстық іс тер­геумен аяқталды (2017 жылы – 391, 2018 жылы – 287, 2019 жы­­лы – 235=913), оның 85 пайызы (2017 жылы – 327, 2018 жылы – 243, 2019 жылы – 192=762) сотқа жолданды. Осы санаттағы қылмыстардың залал сомасы үш жылда 15 млрд-тан астам тең­гені құрайды (15 349 796 теңге), оның 10 млрд теңгеден астамы (10 485 189 теңге) қазіргі таңда өтелген. Жымқыру фактілері құрылыс саласында кеңінен  тараған. Жүргізілген талдау мемлекет­тік органдардың (ЖАО) қыз­метіндегі қаржымен бай­ланыс­ты әрбір бағыты іс жүзін­дегі жоғары сыбайлас жемқор­лық тәуекелдерімен ұштасқанын куә­ландырады.   Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ