Зиратты қиратқан Үштөбе тұрғыны ұсталды
Зиратты қиратқан Үштөбе тұрғыны ұсталды
Фото: ПД-нен алынды
312
оқылды
Алматы облысы Үштөбе қаласында зиратты қиратқан күдікті ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. Полицияның мәліметінше, 34 жастағы күдіктінің психикалық ауытқуы бар. Ол бұған дейін де моланы қиратқан. «14 мамыр күні моланың бұзылғаны, вандализм фактісіне қатысты хабарлама түсті. Оқиға Қаратал ауданында болған. Күдікті ретінде Үштөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қаңтар айында ғана зиратты қиратқаны үшін ұсталып, психоневрологиялық диспансерге жатқызылған еді. Екі ай диспансерде ем алып, үйіне оралғанда қайтадан молаларды қиратуға кіріскен», – деді Қаратал аудандық полициясының бастығы Рауан Абраимов. Дәрігерлердің тексеруінен кейін күдіктіге қатысты іс сотқа жіберіледі.